Қытай автомобиль экспортын жартысынан астамға арттырды

559

2022 жылы Қытай шассиді қосқанда 3,32 миллион отандық өндірісін экспорттады. Яғни көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 56,8%-ға өсті.  

Қытай автомобиль экспортын жартысынан астамға арттырды Фото: img8.eadaily.com

Бұл туралы ТАСС ҚХР Бас кеден басқармасына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Экспорт құны $60 млрд құрады, жылдық өсім 74,7% болды.

Сонымен қатар, 2022 жылы Қытай автокөлік бөлшектерін 81 миллиард долларға экспорттады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,4%-ға артық.

Соңғы жылдары ҚХР жаһандық автокөлік нарығын белсенді игеруде. 2021 жылы Қытайдың автомобиль экспорты 2,19 миллион машинаны болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан екі есе көп. Өткен жылы автомобильдердің экспорты 34,5 миллиард долларды, ал қосалқы бөлшектер 75,6 миллиард долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу