Қытай азаматтары үшін виза беру тәртібі өзгерді

1421

Қазіргі кезде көрші ел аумағында 1 мың 300 қазақстандық бар.  

Қытай азаматтары үшін виза беру тәртібі өзгерді

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты Қытай азаматтарына виза беру талабы өзгерді, деп хабарлады СІМ бірініші вице-министрі Шахрат Нұрышев. 

"Біздің ҚХР-дағы елшілігіміз және бас консулдық ҚХР азаматтары үшін виза рәсімдеу бойынша талабын күшейтті. Атап айтсақ, денсаулығы туралы анықтама сұралатын болды. Екіншіден, үкімет шешімімен ҚХР-дан келетін транзиттік жолаушыларға Қазақстан аумағына 72 сағаттық визасыз келу режимі уақытша тоқтатылды", – деді Шахрат Нұрышев. 

Сонымен қатар СІМ бірініші вице-министрі Қытай азаматтарына электронды виза беру де тоқтатылғанын хабарлады. 

"Шекара жабылатын болса, азаматтарымызды біз толық шығара алмай қаламыз. Қазіргі қолда бар мәліметтер бойынша ҚХР аумағында біздің 1 мың 300 азаматымыз бар. Оның 635-і Хайнаньдағы туристер, 204-і елшілік және бас консулдық қызметкерлері және 445-і Қазақстан азаматтары", – деді Шахрат Нұрышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу