Қытай Bank of America жасаған рейтингте 68 дамушы елдің көш басында тұр

775

Қытай Bank of America жасаған рейтингте 68 дамушы елдің көш басында тұр

Bank of America жасаған экономикасы дамып келе жатқан елдердің рейтингінде Қытай алғашқы орынға шықты. Екінші және үшінші орында Ресей мен Оңтүстік Корея тұр, деп хабарлайды 7kun.kz.

Индонезия төртінші орынға шықса, одан кейінгі позиция Индияға бұйырған. Рейтингте жасауда елдің қаржылық тұрақтылығы, экономикалық өсімі, инфляция мен бюджеттің осал тұстары ескерілген.

Bank of America сарапшыларының айтуынша, дамушы нарықтың негізгі көрсеткіштері жақсарып келеді. Өткен жылдың желтоқсанында жарияланған рейтингпен салыстырар болсақ, қазіргі көрсеткіш анағұрлым көтерілген.

"Біздің 68 дамушы елді қамтыған жартыжылдық рейтингімізде Қытай мен Ресейдің көш бастап келе жатқанын көреміз. Дамушы нарық елдерінің негізігі көрсеткіштері, оның ішінде экономикалық өсім мен сальдо өткен жылдың желтоқсандағы рейтингімен салыстырғанда едәуір жақсарған", — дейді банк өкілдері.

Bank of America-ның бұған дейінгі рейтингінде Оңтүстік Корея бірінші орында, Ресей екінші, ал Қытай үшінші орында болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу