Қытай банктері Ресейге қызмет көрсетуді тоқтатты

3309

ҚХР РФ-ге салынған санкцияларға ішінара қосылды. 

Қытай банктері Ресейге қызмет көрсетуді тоқтатты

Қытайдың ең ірі мемлекеттік екі банкі Ресейде сатып алу бойынша мәмілелерге қызмет көрсетуді тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Bloomberg-ке сілтеме жасап

Industrial & Commercial Bank of China (ICBC) оффшорлық бөлімшелері Батыс банктерінен кейін ресейлік шикізат экспорттаушыларымен мәмілелерді жабу үшін аккредитивтер беруді тоқтатты. Банк жеткізілімге доллармен қызмет көрсетуді толық тоқтатқан, алайда кейбір жағдайда юаньмен жасалған операцияларға аккредитивтер береді. Мұндай шешім жоғары басшылықтың мақұлдауын талап етеді.

Сондай-ақ Bank of China ресейлік шикізатты сатып алуды қаржыландыруды шектеді. 

Bloomberg дереккөзінің мәліметінше, банк ұлттық қаржы реттеушінің егжей-тегжейлі ұсынысын күтеді. Осылайша, ҚХР Ресейге салынған санкцияларға ішінара қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу