Қытай басшысы ШЫҰ елдерін бір-біріне қолдау көрсетуге шақырды

201

Аймақтың бейбіт дамуы ШЫҰ елдеріне байланысты.

Қытай басшысы ШЫҰ елдерін бір-біріне қолдау көрсетуге шақырды Фото: Ақорда

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының елдері ішкі істердегі сыртқы араласу әрекеттеріне бірлесіп төтеп беруі тиіс. Бұл туралы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин ШЫҰ-ның Астана саммитінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз сыртқы араласуда бір-бірімізге берік қолдау көрсетуіміз керек", - деді Қытай басшысы.

Си Цзиньпин мұндай қауіп-қатерлерде күштерді біріктіру арқылы ынтымақтасу қажеттігін мәлімдеді.

ҚХР Төрағасы ШЫҰ тарих пен әділеттіліктің дұрыс жағында тұрғанын айтты. Ұйым әлем үшін өте маңызды, деп атап өтті ол.

Айта кету керек, елордада ШЫҰ-ның саммиті өткенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу