Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин 14 қыркүйекте елімізге келеді, деп жазады inbusiness.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
“ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 14 қыркүйекте Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді", - деп хабарлады СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Си Цзиньпин мырза елімізге келеді",- деп нақтылады ведомство өкілі.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        