Қытай Батыс санкцияларын бұзбай Ресейге көмектеспек

833

Ресей Қытайдан 24 ақпанға дейін бекітілген сауда келісімдерін орындауын сұраған.

Қытай Батыс санкцияларын бұзбай Ресейге көмектеспек

Қытай билігі Батыс санкцияларын бұзбай Ресейге көмектеспек. Бұл туралы The Washington Post басылымы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, Мәскеу Бейжің кемінде екі рет қысым көрсетіп, одан экономикалық қолдау беруін талап еткен. Нақтырақ айтқанда, Ресей Қытайдан 24 ақпанға дейін бекітілген сауда келісімдерін орындауын, Батыс санкцияларынан зардап шеккен салаларға қаржылық және технологиялық қолдау көрсетуін сұраған көрінеді.

Басылымның дерегінше, қазір Қытай қиынға жағдайға тап болып отыр. ҚХР басшысы Си Цзиньпин елдің маңызды стратегиялық серіктесіне көмектесу үшін үкіметке тиісті шараларды ойластыруды тапсырды.

Бұған дейін Қытай Ресейдің Шығыс Сібір – Тынық мұхиты құбыры арқылы жеткізілетін ресейлік мұнайды сатып алғысы келетіні хабарланған болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу