Қытай Батысты Украинадағы қақтығысты шиеленістірмеуге шақырды

612

Бейжің Вашингтонға Ресейге қысым жасаудан бас тартуды ресми түрде ұсынды.

Қытай Батысты Украинадағы қақтығысты шиеленістірмеуге шақырды

Қытай АҚШ пен Батыс елдерінің Украинадағы қақтығысты шиеленістіруге қатысты саясатына қарсы және біржақты санкциялар қолдану арқылы Ресейге қысым жасауды тоқтатуды қажет деп санайды. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Цзян мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Украинадағы жағдайға келетін болсақ, Қытай Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастарынан отқа май құюды тоқтатып, Ресей Федерациясына қарсы біржақты санкцияларды күшейтуін доғаруды талап етеді", – деді ол.

Қытай дипломатының айтуынша, Бейжің барлық мүдделі тараптармен байланыс орнату үшін қолдан келгенді істеп жатыр.

"Біз оқ атуды және соғыс қимылдарын тоқтатуға шақырамыз", – деді ведомство өкілі.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу