Қытай-Беларусь бағытындағы жүк пойызы Қазақстан арқылы қатынайды

856

Қытай-Беларусь бағытындағы жүк пойызы Қазақстан арқылы қатынайды

Қытай-Қазақстан-Ресей-Беларусь бағытындағы жаңа жүк пойызы жолға шықты, деп хабарлайды 24Хабар.

Вагондарға тиелген жүк Қытайдың "Джили" компаниясына тиесілі. Кәсіпорын Беларусь еліндегі серіктестерімен бірге Минск қаласында "Джили Бриллиант" автокөлігін құрастырады. Құны 600 мың доллар болатын бағалы жүк қазақ жері арқылы небәрі 12 күнде соңғы нүктеге жеткізіледі. Бұл Солтүстік бағыттағы ең қысқа "Чэнду-Еуропа" теміржол дәлізінің ашылуына Қазақстанның транзиттік әлеуеті ықпал етіп отыр.

Қытайдан Алашанькоу халықаралық шекаралық өткелі арқылы Қазақстанға кіретін жүк пойызы 12 күнде барлығы 8866 шақырым жол жүреді. Қытайлар "Чэнду-Еуропа" бағытында Қазақстанның орнын ерекше атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу