Қытай Беларусь елімен өзара қатынастарды одан әрі дамыта беруге ықыласты

715

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытайдың Беларусьпен түрлі салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыта беруге дайын екенін жеткізді.

Қытай Беларусь елімен өзара қатынастарды одан әрі дамыта беруге ықыласты

Бұл мәлімдеме Қытай басшысының Самарқанда өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) саммиті аясында Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесуі барысында жасалды.

"Қытай Беларусь тарапымен тығыз байланыс орнатуға, инвестиция, сауда, экономика және басқа салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға, Қытай-Беларусь индустриалды паркінің жасыл, ақылды, экологиялық таза, сандық дамуына ықпал етуге дайын", – деді Си Цзиньпин.

ҚХР басшысының айтуынша, Қытай өзара саяси қолдауды нығайтуға, түрлі салалардағы ынтымақтастық үшін әлеуетті босатуға, екі ел халықтарының игілігі үшін өзара қатынастарды одан әрі дамытуға жәрдемдесуге ниетті.

"Беларусь әрқашан Қытайдың негізгі мүдделеріне қатысты мәселелер бойынша берік қолдау көрсетіп келеді. ҚХР мұны жоғары бағалайды", – деді ол.

Сонымен бірге ол Беларусьтің ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес даму жолын қатты қолдайтынын, сонымен қатар оның ішкі істеріне сырттан араласуға қарсы екенін білдірді.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу