Қытай билігі АҚШ-тың бір жақты шектеуін жауапсыз қалдырмайтынын мәлімдеді

848

Қытай билігі АҚШ-тың бір жақты шектеуін жауапсыз қалдырмайтынын мәлімдеді

Қытай билігі америкалық интеллектуалдық меншікті қорғау деген желеумен енгізген АҚШ-тың бір жақты шектеуін жауапсыз қалдырмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды islam.kz.

Нақтырақ айтқанда, бұл туралы бүгін Қытай халық республикасының коммерция министрлігі мәлімдеді. Қытай билігі америкалықтардың жан-жақты сауда жүргізу ережесін елемей, өз ережесін енгізгеніне наразы.

Дүйсенбіде Ақ үй қожайыны Дональд Трамп осы елдің сауда өкілі Роберт Лайтхайзерге Қытайдың америкалық компаниялардың интеллектуалдық меншігін қаншалықты бұзғанын зерделеуге пәрмен берген болатын. Бұл арада авторлық құқығы америкалықтарға тиесілі технологиялық өнімдердің қытайдың жаппай шығаруын шығарғанымен оның үлесін әділ бөлмеуі турасында болып отырғанға ұқсайды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың тамыз айының 11-і күні интеллектуалдық меншік пен технологияға қатысты АҚШ-тың құқығын бұзғаны әлемдегі екі алып державаның арасында сауда соғысына жол ашып беріп отыр. 1974 жылы қабылданған Сауда туралы заңның 301 бабы АҚШ елге тауар экспорттауға бір жақты тәртіппен тосқауыл қоюына мүмкіндік береді. АҚШ билігі осы заңға сүйеніп, қытайдың бассыздығына тойтарыс бермек. Десе де бұл Қытайға дереу санкция салуға мүмкіндік бермейді. Алайда, алдағы уақытта Қытайдан келетін тауарларға баж салығын көтеретіні сөзсіз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу