Қытай билігі банктердегі шетелдік үлеске қойылған шектеуді алып тастайды

694

Қытай билігі банктердегі шетелдік үлеске қойылған шектеуді алып тастайды

Қытай банктер мен басқарушы компаниялардағы шетелдік үлеске қойылған 25% деңгейіндегі шектеуді алып тастайды. Бұл туралы ҚХР қаржы министрінің орынбасары Чжу Гуаняо айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Брокерлік компаниялар үшін шекті лимит алдағы уақытта 49 пайыздан 51 пайызға дейін көтеріліп, үш жылдан кейін мүлдем алынып тасталады.

Өмірді сақтандырумен айналысатын компаниялардағы шекті көрсеткіш алдағы үш жылда 51 пайызға көтеріліп, бес жылдан кейін алынады.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, бұл Қытайдың қаржы саласы мен жалпы экономикасын шетелдік инвесторларға ашу бағытында жасалып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу