Қытай билігі DiDi таксиінің қосымшасын жойғалы жатыр

1025

Қытайдың киберқауіпсіздік әкімшілігі клиенттердің мәліметтерін жинау туралы заңның бұзылуына байланысты виртуалды дүкендердің ішінде DiDi таксиінің қосымшасын жойғалы жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.  

Қытай билігі DiDi таксиінің қосымшасын жойғалы жатыр

"DiDi Travel қосымшасы тексерістен өткеннен кейін жеке мәліметтерді жинау және пайдалану кезінде заңды өрескел бұзылғаны анықталды. ҚХР "Желілік қауіпсіздік" жөніндегі заңға енгізілген қосымшаға сәйкес, Киберқауіпсіздік әкімшілігі қосымшалар дүкеніне DiDi Travel қосымшасының жойылатынын ескертті. Сондай-ақ, DiDi Travel Technology Co., Ltd-дан заңнама талаптарын сақтауды, сонымен қатар орасан көп қолданушылардың жеке мәліметтерін тиімді түрде қорғау үшін проблемаларды шешуді талап етті", - делінген Қытайдың киберқауіпсіздік әкімшілігінің хабарламасында.

DiDi өз қызметі барысында адамдардың қозғалысы турасында орасан көп мәліметтерді жинақтайды.

Осы ретте DiDi таксиі Қазақстан нарығына кіріп, жұмыс жүргізіп жатқанын да айта кету керек. Осыдан бір апта бұрын бұл такси Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында жұмысын бастап кеткен. Компания таксопарктермен байланыс орнатқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу