Қытай билігі коронавирусқа қарсы вакцина жасалғанын мәлімдеді

4743

Бірақ оны қолданысқа енгізу үшін қосымша сынақтар өткізілуге тиіс.

Қытай билігі коронавирусқа қарсы вакцина жасалғанын мәлімдеді

Қытай билігі коронавирусқа қарсы вакцина жасалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Қытайдың Ресейдегі елшісі Чжан Ханьхуэй мәлім етті.

"Қытайда иммунитет нышанын көрсеткен вакцина жасалды. Бірақ бұл толыққанды вакцина емес, әлі де сынақтар мен жетілдіру жұмыстары жүргізілуі тиіс", – деді ол Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол коронавирустан пайда болған симптомдарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің табылғанын да айтты.

"Қытайлық дәрілердің тиімділігі бар. Препараттар қолданылғанда бірде-бір рет асқыну фактілері тіркелмеді. Жалпы, қытайлық дәрілердің тиімділігі 85%, кейбір аудандарда 90% жеткен", – деді елші.

Чжан Ханьхуэй мәліметінше, жаңа коронавирусқа қарсы фосфат хлорохині дауа болады екен. Бұрындары малярия деп аталатын кеселді емдеу мақсатында қолданылыпты.

"Сонымен қатар КСРО-да жасалған дәрі де бар.Бірақ әзірге ең тиімді әдіс – еуропалық және қытайлық медицинаның препараттарын бірге пайдалану болып отыр",– деді Ханьхуэй.

Қытайдың CGTN басылымының соңғы мәліметіне сүйенсек, вирустан қаза болғандардың саны Қытайда 2595-ке, ал басқа елдерде 24-ке жеткен. Ал жұқтырғандарды қатары 79000-дан асқан. 24757 қытайлық ем-дом қабылдап, аурудан жазылыпты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу