Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Цзянси провинциясының билігі жер ресурстарын сақтау үшін "тек кремация" (мәйітті өртеу) саясатын енгізу шараларын қолға алды. Қазір жергілікті билік тұрғындардан дайын табыттарды күшпен тәркілеп, жерлеу рәсіміне тыйым салуда, деп хабарлайды sputniknews.kz.
РИА Новости агенттігінің жазуынша,провинция үкіметі кремацияны мәйітті жоюдың жалғыз рұқсат етілген әдісі етуді көздеп отыр. Провинцияның біраз қаласында билік жер ресурстарын сақтау үшін "кремация" саясатын осы жылдың қыркүйегіне дейін толығымен енгізбекші.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу