Қытай билігі наразылық акцияларынан кейін карантиндік шектеулерді жеңілдететін болды

643

Алайда тәртіпсіздікке қарсы шаралар қолға алынып, полиция шеру өткен Шанхай көшелерін патрульдеуді күшейтті.

Қытай билігі наразылық акцияларынан кейін карантиндік шектеулерді жеңілдететін болды Фото: rbc.ru

Аспан асты елі үкіметке қарсы науқанға айналған ірі наразылық акцияларынан кейін  коронавирусқа қарсы шараларды жеңілдететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Euronews сайтына сілтеме жасап.

Биліктің эпидемиямен күресін көздейтін карантиндік шектеулерге қарсы наразылық акциялары бүкіл Қытайды, әсіресе, Шанхай мен Уханьды қамтыды. Коронавирус шараларына қарсы наразылықтың саяси астары да болды. "Компартия мен Си Цзиньпин кетсін" деген ұранмен көшеге шыққандарды жергілікті күш құрылымдары ұстап алып кетіп жатты.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу