Қытай билігі юаньнің құлауын тежеді

1721

 Юаньнің долларға қатысты бағамы 6,9225 долларды құраған болатын. Бұл 2008 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. 

Қытай билігі юаньнің құлауын тежеді

Кеше ресми  Бейжің ел валютасын құлдыратып, нарықты бір сілкіндіріп алған болатын. Бұл Қытай тарапының Вашингтонға жасаған шабуылы еді. Енді бүгін АҚШ Қытайдың әрекетін "қитұрқы" деп сынға алғаннан кейін, Қытай елі райынан қайтқан сыңайлы. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Айта кететін жайт, юаньнің долларға қатысты бағамы 6,9225 долларды құраған болатын. Бұл 2008 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. 

АҚШ-тың қаржы министрілігінің айтуынша, осы жайтты Вашингтон Халықаралық валюта қорымен талқылап, Қытай жасаған әділетсіз бәсекелік артықшылықты жоюға тырыспақ. 

Ал Қытайдың Ұлттық банкі юаньді АҚШ-пен арадағы текетірестегі құрал ретінде қолданып отырмағанын, ұлттық валютаның құбылмалылығына басқа сыртқы факторлар әсер еткенін тілге тиек етті. 

Сарапшылардың пікірінше, Қытайдың юаньді әлсірету жоспары Вашингтон енгізген салықтың ықпалын жеңілдетуге бағытталған. 

АҚШ пен ҚХР арасындағы шиеленіс шілденің соңында Қытайда өткен келіссөздердің 12 раундынан кейін ушығып кеткен болатын. Содан кейін Трамп 1 қыркүйектен бастап 300 млрд доллар тұратын қытайлық тауарларға 10 пайыздық салық салатынын мәлімдеген болатын. Бұған жауап ретінде Бейжің америкалық ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуды тоқтатып тастады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу