Қытай билігі жаңа жыл қарсаңында отшашу саудасына шектеу қойды

1015

Қытай билігі жаңа жыл қарсаңында отшашу саудасына шектеу қойды

Қытай билігі ай күнтізбесі бойынша есептелетін жаңа жыл қарсаңында отшашу мен петарда саудасын шектеу туралы шешім қабылдады, себебі елдің көптеген ауданында ауаның ластану деңгейі онсыз да шектен шығып кетті.

ВВС-дің мәлімдеуінше, Бейжіңде бар болғаны 500 сатушыға отшашу саудасымен айналысуға рұқсат берілген, былтыр олар 700-ге жетіп еді.

Шанхайда пиротехника саудасымен айналысуға тек жеті сауда үйі лицензияға қол жеткізді (былтырғы жылы 77 болатын).

Бейжің, Шанхай және Ханчжоудың орталық аудандарында мүлде отшашу мен петарда саудасына тыйым салынды, деп хабарлайды Financial Times. Хэнань елінің орталық аймқтарындағы барлық қалаларда пиротехника өнімдерін пайдалануға толық тыйым салынды.

Тауық жылы 28 қаңтарда басталады, мереке 27 қаңтардан бастап келесі аптаның соңына дейін тойланады. Жаңа жыл қарсаңында Қытайда отшашу ұйымдастырылып, петардаларды жағады, себебі бұл жын-шайтандарды үркітіп, келесі жылға табыс шақырады деп есептеледі.

Қытайда өткен желтоқсан айында ауаның ластану деңгейі шектен шықты. Хэнань және Хэбэй аймақтарында ұсақ дисперсиялық өлшенген  бөлшектердің деңгейі бір шекше метрге 500 мкг-ге жетті. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының норма бойынша 25 мкг-ні құрауға тиіс. 

Елдің 25 қаласында ауа ластануының "қызыл" (ең жоғары) деңгейі жарияланды, оның қатарында Бейжің де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу