Қытай билігі шілде айының соңына дейін жарты миллиардтан астам адамға коронавирусқа қарсы вакцина егеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Цинхуа университеті мен америкалық Брукинг институты ұйымдастырған кездесуде қытайлық эпидемиолог Чжун Наншань билік 548 миллион адамға екпе салатынын мәлім етті. Яғни халықтың 40%-ы сол уақытқа дейін препаратпен қамтамасыз етіледі.
Сарапшының айтуынша, осы күнге дейін әзірге халықтың 3,5%-ына немесе 51 миллион адамға екпе егілген. Ол ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін шамамен үш жылдай уақыт керек деген пікірде.
1 наурызда Қытай гуманитарлық көмек ретінде бірқатар дамушы елге вакцина жіберетінін мәлім еткен еді.Олардың қатарында Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері, Моңғолия, Палестина, Беларусь және Зимбабве елдері бар.
Табиғат Нұрболат