Қытай бірқатар салада АҚШ-пен арадағы ынтымақтастығын тоқтатты

673

Бұл – ҚХР-дың Нэнси Пелосидің Тайванға жасаған сапарына байланысты қабылдаған шарасы.

Қытай бірқатар салада АҚШ-пен арадағы ынтымақтастығын тоқтатты

Қытай бірқатар салада АҚШ-пен арадағы ынтымақтастығын тоқтатты. Бұл туралы ҚХР-дың СІМ мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бейжің АҚШ пен Қытай Қорғаныс министрлігі өкілдерінің жұмыс кездесуін кейінге қалдырып, Америка Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайванға жасаған сапарына жауап ретінде екі мемлекеттің аймақтық әскери қолбасшылығы деңгейіндегі диалогты тоқтатты.

Сонымен қатар климаттың өзгеруі, есірткіге қарсы ынтымақтастық, әділет саласындағы серіктестік, репатриация, халықаралық қылмысқа қарсы күрес, азаматтардың заңсыз көші-қоны туралы Вашингтонмен арадағы келіссөздер тоқтатылды.

Бұған дейін АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Құрама Штаттар Тайванның тәуелсіздігін біржақты мойындауға және кез-келген тараптың, әсіресе күшпен аралдың мәртебесінің өзгертілуіне қарсы екенін айтты. Ол қақтығыстың ушығуы ешкімге пайда әкелмейді, теке-тірес ешкімнің мүддесіне, соның ішінде Қытайдың мүддесіне сәйкес емес деген пікірде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу