Қытай боксшыларына қарсы айқасатын "Арландар" анықталды

725

Қытай боксшыларына қарсы айқасатын "Арландар" анықталды

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) топтық кезеңі барысында 14 сәуір күні "Қытай айдаһарларына" қарымта кездесу өткізетін "Астана арландарының" құрамы белгілі болды, хабарлайды ҚазАқпарат.

Ертең, яғни 14-сәуір күні "Қытай айдаһарларына" қарсы 52 келі салмақта Сәкен Бибосынов, 60 келі салмақта Әлімжан Бескемпір, 69 келі салмақта Асланбек Шымбергенов шаршы алаңға шығады. Ал 81 келіде Бек Нұрмағанбет ел намысын қорғаса аса ауыр салмақта  Нұрсұлтан Аманжолов сынға түседі.

Естеріңізге сала кетейік, "Астана арландары" "Қытай айдаһарларына" қарсы өткізген алғашқы жекпе-жегінде 5:0 есебімен ойсырата жеңген болатын. 

Алғашқы айқас Қытайдың Гуйянг қаласында өтсе, қарымта жекпе-жек Таразда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу