Қытай БРИКС ұйымын кеңейткісі келеді

1087

Шығыстағы көршіміз БРИКС деп аталатын дамушы елдердің блогын кеңейткісі келеді. Бұл туралы Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Қытай БРИКС ұйымын кеңейткісі келеді

Бүгінде бұл ұйымға Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка мүше.

2009 жылы құрылған блок, осы жолы сыртқы істер министрлерінің онлайын кездесуін өткізіп, қатарына қосылуы мүмкін елдерді тартудың амалын қарастырды. Өткен аптада ғана Қытайдың ресми басылымы, "Глобал таймс" Ресейді қолдайтын дамушы елдер Батыс санкцияларына қарсы біріккенін қалайды. Әйтпесе, АҚШ пен Еуропаның ресейлік мұнайға салған эмбаргосы, әлем экономикасын тығырыққа тірейді, деген мазмұндағы мақала жариялаған.

Бұл өзгеріс дамушы мемлекеттерге алғашқы қадам жасап, өзара сауда-экономикалық байланысты нығайтуға септігін тигізеді екен. Осылайша, бастапқыда Ресей-Украина соғысына қатысты бейтарап позиция танытқан қытайлар, нақты іске кірісе бастады. Өйткені, теріскейдегі көршінің арзан мұнайын алмастыру қиын екенін түсінеді. Қытай осы тәуелділікті пайдалана отыра, өзінің әлеуетін көрсетіп, ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланғысы келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу