Қытай былтыр 220 миллиард маска экспорттады

1114

2020 жылы ел экономикасы 2,3%-ға өсті.

Қытай былтыр 220 миллиард маска экспорттады

Қытай 2020 жылы шамамен 200-ден астам елге 220 миллиард масканы экспорттады. Бұл туралы Коммерция министрінің орынбасары Цян Кэмин хабарлады.

Ведомство мәліметінше, бұдан бөлек былтыр 2,3 млрд қорғаныш костюмі мен тестілеуге арналған 1 млрд реактив жиынтығы басқа елдерге жіберілген.
Ескере кететін жайт, Қытай – пандемиядан қатты зардап шекпеген жалғыз ел. Былтыр оның экономикасы 2,3%-ға өсті.Бұл соңғы 40 жылдағы ең төмен көрсеткіш. Ал АҚШ-тың ЖІӨ 2020 жылы 3,5%-ға төмендеді, бұл 1946 жылдан бергі ең зор құлдырау болып отыр. 

Табиғат Нұрболат

Фото: reuters.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу