Қытай дамушы елдерге ЖИ бойынша 5 мың оқу орнын ұсынады

468

Бұл туралы Қытай төрағасы Си Цзиньпин мәлімдеді.

Қытай дамушы елдерге ЖИ бойынша 5 мың оқу орнын ұсынады Фото: Xinhua

Қытай алдағы бес жыл ішінде дамушы мемлекеттердің мамандарына жасанды интеллект саласындағы курстар мен семинарларға қатысу үшін 5 мың орын бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол бұл бастама туралы Шанхайда өткен 2026 жылғы Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік конференция мен жасанды интеллектіні жаһандық басқару мәселелеріне арналған жоғары деңгейлі форумның ашылуында айтты.

"Алдағы бес жылда дамушы елдердің мамандары үшін жасанды интеллектке қатысты курстар мен семинарларға 5 мың орын ұсынамыз", – деді Си Цзиньпин.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қытай ШЫҰ, БРИКС, АСЕАН, Араб лигасы, Африка одағы және Латын Америкасы мен Кариб бассейні мемлекеттері қауымдастығымен бірлесіп, жасанды интеллект технологияларын дамытуға арналған халықаралық ынтымақтастық орталықтарын құрады.

"Сондай-ақ Қытай әлемнің 30 елінде өмір мен мүлікті қорғауға бағытталған "Мацзу" интеллектуалды метеорологиялық ерте ескерту жүйесін енгізуге қолдау көрсетеді", – деді Қытай басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу