Қытай дарынды жандардың көшіп келуіне жағдай жасап жатыр

828

Қытай дарынды жандардың көшіп келуіне жағдай жасап жатыр

Еуроодақ азаматтығына ие Британ ғалымдары жаппай елден кетіп жатыр. The Independent былтырдың өзінде Британиядағы оқу орындарынан 2300-дей профессордың кетіп қалғанын жазады, деп хабарлайды Астана TV.

Мақалада, ауа көшуге Вrexit, оның ішінде шет елдіктердің құқығына қатысты беймәлім позиция себеп болып отыр, деп жазылған. Британия ғылым академиясы "бұлай жалғаса берсе, оқу орындарында сабақ беретін маман қалмайды" деп дабыл қағуда.

Бәрінен де Оксфорд университеті зардап шеккен. Мәртебелі оқу ордасын 230 профессор тастап кетті. Бүгінде ол жерде Еуроодақ елдерінен барған 25000 оқытушы жұмыс істейді.

Ал бұл уақытта Қытай білікті мамандарды тартуға барын салуда. Тіпті 10 жылға дейін визасыз қатынау енгізді. Осылайша қытай билігі дарынды 50 мың шетелдікті өз елдеріне тартуды көздейді.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу