Қытай ДДҰ-ға 30 миллион доллар бөледі

793

Ал бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп ұйымды қаржыландыруды ттоқтатып тастаған болатын.

Қытай ДДҰ-ға 30 миллион доллар бөледі

Қытай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына 30 млн доллар көлемінде қаржы бөлмек.

"Covid-19 вирусымен күресте ҚХР тағы да ұйымға қаржылай көмек береді. Бұл қаражат дамушы елдердің денсаулық сақтау саласын дамыту мен жетілдіруге бағытталады", – дейді елдің Сыртқы істер министрлігі. 11 наурызда көрші ел ДДҰ-ға 20 млн доллар шығындаған болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, бұрын Ақ үй басшысы Дональд Трамп ұйымның қазіргі әрекетін сынға алып, яғни ДДҰ Қытайдың ықпалынан шыға алмай отыр деп айыптап, оны қаржыландыруды тоқтатып тастаған болатын. Америкалық президенттің пікірінше, ұйым індет туралы жалған ақпарат таратып, дер кезінде вирустың таралуын тоқтата алмаған.

Ескере кететін жайт, қазір Қытай мемлекетін пандемияның таралуына кінәлі деп айыптаушылардың қатары көбейіп келеді. Мысалы, 21 сәуірде АҚШ-тың Миссури штаты ҚХР билігі мен елдің коммунистік партиясын, сонымен қатар бірқатар министрлік пен Хубей провинциясының басшылығын жаңа коронавирустың кең етек жаюына кінәлі деп айыптап сотқа берді. Штаттың бас прокуроры Эрик Шмит ресми Бейжің бұл дерт туралы әлемге жалған ақпарат беріп, эпидемияны тоқтатуда өте аз жұмыс атқарған деген. Оның пікірінше, әуел бастан бұл індетті үдетпей, өрши бастаған кезде ауыздықтауға болатын еді. Дегенмен Бейжің өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу