Қытай делегациясымен кездесу өтті

719

Қытай делегациясымен кездесу өтті

Министрлік өкілдері 2018 жылдың 16 шілде күні Қытай сауда және электрондық өнімдерді импорттау және экспорттау жөніндегі сауда палатасы төрағасының орынбасары Ши Юнхон бастаған Қытай делегациясымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында екі жақ тарап инвестиция, инфрақұрылым құрылысы, жер қойнауын пайдалану, металлургия және тағы да басқа екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады.

Қазақстан тарапы қытайлық әріптестерін инвестициялық преференциялар және индустрияландыру саласындағы жүргізіп отырған саясаты туралы хабардар етті, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы жаңа заңнаманың ережелерін түсіндірді.

Қытай тарапы Қазақстан аумағында жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендігін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу