Қытай доллар төлем жүйесінен бас тартады

740

Қытайдың шетелде 2 трлн доллар көлемінде инвестициясы бар. Сондықтан шығыстағы көрші юаньнан халықаралық валюта жасауға көшпек.

Қытай доллар төлем жүйесінен бас тартады

Қытай доллар төлем жүйесінен бас тартуға дайындалып жатыр. Бейжіңдегі билік болашақта АҚШ валютасы құнсызданатынына сенімді, деп хабарлайды Atameken Business.

Трамптың санкциясына орай осындай қарымта қайтаруды көздеген шығыстағы көршіміз SWIFT және ЧИПС деп аталатын банкаралық электронды клиринг есепті пайдаланбаудың амалына кіріскен. Себебі, шектеу күшейіп кетсе, доллармен есеп айырысу бұл ел үшін оңай болмайды.

Қытайдың шетелде 2 трлн доллар көлемінде инвестициясы бар. Сондықтан шығыстағы көрші юаньнан халықаралық валюта жасауға көшпек. Бұл – сыртқы қаржы қысымынан құтылудың оңтайлы жолы.

Доллардан тек Қытай емес, өзге елдер де бас тарта бастайтыны анық. Мұндай болжамды Дойтче Банк стратегтері жасады. CNB-ге берген сұхбатында Азия қор нарығы бойынша сарапшы  Самир Гоэл ЦИТАТА: "COVID-19 –дың екінші толқыны басталса, инвесторлардың резервтік валюта ретінде АҚШ долларына сұранысы айтарлықтай құлдырауы мүмкін",– деді. 

 Себебі инвесторлар үшін қазір басты мәселе –  табысынан қағылмау. Расымен көк қағаздың құны құлдырай ма?  АҚШ долларынан қанша ел бас тартуы мүмкін? Бұл сұрақтардың жауабын скайп арқылы байланысқа шыққан Wall Street Invest Partners компаниясының қаржы сарапшысы  Арайлым Тағайдан білеміз:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу