Қытай Джибутидегі су тапшылығымен күреске 300 миллион доллар аударды

956

Қытай Джибутидегі су тапшылығымен күреске 300 миллион доллар аударды

Джибути президенті Исмайл Амр елдің су тапшылығы орын алған оңтүстік өңірінде су көздерін ашу салтанатты шарасына қатысты, деп хабарлайды kazislam.kz.

Су көздерін ашуға Қытай халық республикасы 300 миллион доллар қаражат бөліп, аталмыш су көзін ашу үшін Эфиопиядан арнайы құбырлар тартылған. Халық игілігі үшін осындай ауыз судың беріліп отырғаны Джибути, Эфиопия және Қытай елдері арасындағы қатынастың жоғары деңгейде екенін көрсетеді, деп бағалады Джибути тарабы.

Атап кетсек, бұған дейінде Джибути мен Эфиопия астанасы Аддис-Абеба арасында темір жол салу жобасына да Қытай қомақты қаражат аударған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу