Қытай экономикасы дағдарысқа дейінгі қарқынға оралды

655

Bloomberg басылымының хабарлауынша, экономиканың тез қалпына келуіне коронавирус індетінің "агрессивті" түрде тежелуі түрткі болған.

Қытай экономикасы дағдарысқа дейінгі қарқынға оралды

2020 жылдың үшінші тоқсанында Қытайдың ЖІӨ-і өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,9%-ға өсті. Яғни бұл фактор экономика қарқынының індетке дейінгі деңгейге оралғанын білдіреді. Bloomberg басылымының хабарлауынша, ел экономикасы 2019 жылдың үшінші тоқсанындағы көрсеткішке қарағанда 0,7%-ға өскен, дегенмен тұтынушылық сұраныс әзірге төмен деңгейде. 

Бұған дейін бірінші тоқсанда елдің ЖІӨ ұлттық локдаун мен карантин салдарынан 6,8%-ға кеміген еді. 

Тағы бір жайт, үшінші тоқсанда өндіріс көлемі 0,7%-ға артқан. Бұл дегеніңіз экономикалық алпауыттың біртіндеп қалып келгенін аңғартады. Сонымен қатар қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 3,3%-ға, өнеркәсіп өндірісі 6,9%-ға өсіп, инвестиция қарқыны соңғы тоғыз айда 0,8%-ға дейін жеткен. 

Басылымның хабарлауынша, Қытай экономикасының тез қалпына келуінің сыры – коронавирус індетінің "агрессивті" түрде тежелуінде. Жергілікті билік қабылдаған қатаң шаралары зауыттардың тез арада ашылуына, індет кезінде медициналық құрылғыларға деген жаһандық сұраныстың өсуінен пайда табуға септігін тигізген.

Табиғат Нұрболат

Фото: cnbc.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу