Қытай экономикасының өсу қарқыны баяулады

859

Бірінші тоқсанда ЖІӨ 18,3% болған еді.

Қытай экономикасының өсу қарқыны баяулады Фото: reuters.com

Үшінші тоқсанда Қытайдың ЖІӨ өсімі 4,9%-ға дейін күрт баяулады, деп хабарлайды Inbusiness.kz The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап. Бұл – соңғы тоғыз айдағы ең төмен көрсеткіш.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша экономика өсімі 18,3%, екінші тоқсанда 7,9% болған еді. Сарапшылар үшінші тоқсанда ЖІӨ орташа есеппен 5%-ға өседі деп болжаған еді.

Сарапшылардың айтуынша, көрсеткіштің төмендеуіне бірнеше фактор әсер етіп отыр. Біріншіден, электр қуатының жетіспеушілігі салдарынан зауыттардың жұмысы тоқтатады. Оның үстіне Бейжің бизнеске қойылатын талапты күшейтті. Бұдан әсіресе технологиялық сектор мен білім беру саласы зардап шекті. Жылжымайтын мүлік секторындағы жағдайдың нашарлауы да көрсеткішке кері әсер етуде. Елдегі ірі компанияларының бірі Evergrande дефолт алдында тұр. Оның жалпы қарызы – 305 миллиард доллар. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу