ҚР Ұлттық спорты федерациясы мәлім еткендей, басқосуға негіз болған тақырып – қазақтың ұлттық спорты, "Теңге ілу" федерациясын аспанасты елінде ашу.
Аталған жиында Халықаралық Теңге ілу федерациясының негізін қалаудың алғашқы алғышарттары талқыланды.
Түрлі ұсыныстар айтылып, өзекті тақырыптар қозғалды. Қатысушылардың шешімімен, Қытай елінің "Теңге ілу" федерациясы президенті болып, белгілі кәсіпкер Жи Жяньуин ұсынылды.
Өз кезегінде Жяньуин өзіне артылған сенімге алғыс білдіре отырып, теңге ілу спортын Қытай елінде кеңінен насихаттап, дамытуға ниетті екенін жеткізді.
Жиын соңында елімізден барған өкілдер, Қытай мемлекетін алдағы қыркүйек айында Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына ресми түрде шақырды.