Қытай елшісі түсініктеме берді

1474

Қазақстан мен Қытай 55 жобаға келісім жасаған. 

Қытай елшісі түсініктеме берді

Қытай елшісі Қазақстан жерінде жүзеге асатын Қытай жобасына қатысты түсініктеме берді. Чжан Сяоның пікірінше нарашылық акцияларының өтуіне үшінші бір тараптың ықпалын болуы мүмкін. Яғни, арандатушылық фактісі бар дейді. Ал қос елдің мемлекет басшылары арасында жасалған келісімге сәйкес, елде Қытайдың тікелей капитал салуымен 55 жобаның келісім жасалған. Бұған дейін вице-премьер Жеңіс Қасымбек оның 15-і жұмыс істеп жатқанын және тағы 20-сы дайындық үстінде екенін айтқан. Жобалардың жалпы құны - 29 млрд доллар. Бірақ бір аптадан бері Қазақстанның бірқатар қаласында Қытай кәсіпорының ашылуына азаматтар қарсылық танытып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу