Қытай ЕО нарықтарында Германияны ығыстыруда

530

Еуропалық елдің экономикалық мәселелері Қытайдың мемлекеттік субсидияларының көптеген секторлардағы рөлімен байланысты.  

Қытай ЕО нарықтарында Германияны ығыстыруда Фото: Эксперт

Қытай өндірушілері Еуропалық Одақтың ішкі нарығында, әсіресе Германия дәстүрлі түрде көшбасшы болып келген озық өнеркәсіптік тауарлар секторында немістерден озып келеді, деп жазады Inbusiness.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

IW жұмыс берушілерді талдау орталығының зерттеуі ЕО импортының кейбір секторларында Қытайдың 2 жылдағы үлесі алдыңғы он жылдықпен салыстырған өз деңгейінде қалғанын не біршама өскенін көрсетті, сондықтан сараптама орталығы одақтың экономикалық қозғалтқышы Германияның тоқырау қаупі бар екенін ескертті.

Бірнеше жыл қатарынан өсім көрсеткен Германия экономикасы мамыр айында құлдырауға ұшырады, оған себеп — ірі экспорттаушылар жеткізу тізбегінің бұзылуынан, инфляция мен энергия бағасының өсуінен зардап шекті.

"Энергияны тұтыну ережелерінің өзгеруі мен Германияның бәсекеге қабілеттілігіне қатысты мәселелерді ескерсек, қазірден уайымдай бастауға толық негіз бар", — деді зерттеуші Юрген Маттес.

Есепте анықталған мәселелер Қытайдың мемлекеттік субсидияларының көптеген секторлардағы рөлімен байланысты болып отыр, өйткені қытайлық компаниялар жылдан-жылға ЕО-да нарықтың басым көпшілігін жаулап келеді, ал ресейлік газдан бас тартқан сәтте көтерілген энергияның құны химия өнеркәсібі сияқты энергияны көп қажет ететін секторларды әбден әлсіретті.

Қытайлық электромобиль өндірушілері еуропалық нарықты жаулап ала бастаған кезде энергияның жоғары бағасы автомобиль экспортына да кері әсерін тигізді, деп қосты Маттес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу