Қытай ешқашан Тайванның тәуелсіздігін мойындамайды – Қытайдың Қорғаныс министрлігі

1549

Ведомство өкілінің айтуынша, Тайвань мәселесі тек Қытайдың ішкі мәселесі болып табылады және басқа елдердің араласуына жол берілмейді.

Қытай ешқашан Тайванның тәуелсіздігін мойындамайды – Қытайдың Қорғаныс министрлігі Фото: reuters.com

Қытай Тайваньның бейбіт жолмен қосылуын көздейді, сондықтан ешқашан оның "тәуелсіздігіне" жол бермейді. Бұл туралы ҚХР Қорғаныс министрлігінің өкілі У Цянь мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз "бір ел – екі жүйе" қағидаты негізінде бейбіт жолмен бірігу бағытын ұстанамыз. Біз Тайвань бұғазының екі жағалауын біріктіруге бар күшімізді саламыз, бірақ Тайванның "тәуелсіздігіне" ұмтылған сепаратистік күштердің әрекетіне бей-жай қарай алмаймыз", – деді ол. Ол Тайвань Қытайдың ажырамас бөлігі екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, Тайвань мәселесі тек Қытайдың ішкі мәселесі болып табылады және басқа елдердің араласуына жол берілмейді.

"АҚШ пен Жапония Тайвань мәселесі төңірегінде шу шығарса, біз мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастықты қорғау үшін қатаң шаралар қабылдаймыз", – деді Цянь.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу