"Қытай-Еуропа-Қытай" бағыты бойынша жүк тасымалы 41%-ға артты

831

Биыл 9 айда Қазақстан аумағы арқылы өтетін "Қытай-Еуропа-Қытай" бағыты бойынша жүк тасымалы 41%-ға өскен. Бұл туралы KTZ Express АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Игембаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Қытай-Еуропа-Қытай" бағыты бойынша жүк тасымалы 41%-ға артты

Ол салада айтарлықтай өсім байқалғанын атап өтті.

"2021 жылғы 9 айда транзиттік контейнерлік тасымал көлемі 795 мың 20 фунттық эквиваленттен асты, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға жоғары. Сондай-ақ биыл 9 айда Қазақстан аумағы арқылы өтетін "Қытай-Еуропа-Қытай" бағыты бойынша жүк тасымалының көлемі 41%-ға өсіп, 493 мыңнан аса 20 фунттық эквивалент болды", – деді басқарма төрағасы Қытайдың Ляньюньган қаласында өткен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің кәсіпкерлер форумында.

Сондай-ақ Нұрлан Игембаев еліміз арқылы өтетін контейнер маршруттары Ресейде жоғары сұранысқа ие екенін атап өтті.

"9 айда "Қытай-Ресей-Қытай" бағыты бойынша жүк тасымалының көлемі 47 мың 20 фунттық эквиваленттен асты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 66%-ға жоғары. Жыл басынан бері "Қытай-Орталық Азия" бағыты бойынша жүк тасымалы көлемі 168,2 мың 20 фунттық эквивалент болды, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға жоғары", – деп түйіндеді сөзін басшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу