Қытай ғалымдары тропикалық Хайнань аралында адамзатқа ықтимал қауіп төндіретін сегіз жаңа вирус тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Virologica Sinica мәліметінше, мамандар аралда тіршілік еткен 6 түрге жататын 341 кеміргіштің физиологиялық саңылауларынан 682 генетикалық материал жинап, талдау жасаған.
Оның ішінде аренавирустар, коронавирустар, астровирустар, пестивирустар, парвовирустар және папилломавирустар бар.
Зерттеу барысында ғалымдар 8 жаңа вирусты, оның ішінде CoV-HMU-1 деп аталатын және бетакоронавирустарға жататын - SARS-CoV-2 - сонымен қатар COVID-19 деп аталатын коронавирустың бір түрін тапты.
Зерттеу авторлары бұл вирустар күшейе түссе адамдарға жұғу ықтималдығы жоғары екенін атап өтті.
Сарапшылар сонымен қатар жаңа вирустарға пестивирустарға жататын екі вирус кіретінін атап өтті.