Оның нәтижелері Cell Reports Medicine журналында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қытайлық зерттеушілер әйел жасының ұлғаюымен жүкті болу мүмкіндігінің төмендеу себебін анықтап, оны емдеудің жаңа тәсілін көрсетті, деп хабарлайды Синьхуа.
– Бұған дейін назардан тыс қалып келген рибосомалық дисфункция жұмыртқа сапасының төмендеуіне әсер ететін маңызды фактор екенін анықтадық, – деді Нанкай университетінің ғалымы Ли Цзе.
Ғалымдардың мәліметінше, шамамен 35 жастан бастап әйелдерде рибосомалық геннің шамадан тыс белсенділігі байқалады. Бұл қалыпты ақуыз синтезін бұзып, хромосомалардың бөлінуінде қателіктер туғызады және эмбрионның дамуына кедергі келтіреді.
Мамандар рибосомалық белсенділікті тежеу үшін рапамицин препаратының әсерін зерттеген. Терапияның қысқа курсы рибосомалық белсенділікті төмендетіп, ақуыз тепе-теңдігін қалпына келтірген және жұмыртқа сапасын жақсартқан.
Кішігірім клиникалық сынақ барысында бірнеше әйел ем қабылдағаннан кейін жоғары сапалы бластоцисталар ала алған. Бұл жүктіліктің сәтті өтуіне және сау балалардың дүниеге келуіне ықпал еткен.
Шаньси балалар ауруханасының өкілі У Сюйцин бұл нәтижелердің үміт тудыратынын айтып, әдістің тиімділігін нақтылау үшін ауқымды клиникалық зерттеулер қажет екенін атап өтті.