Қытай ғалымдары қатерлі ісікті ерте анықтайтын жаңа әдіс ойлап тапты

340

Жасанды интеллектің көмегімен жаңа модель жасалды.

Қытай ғалымдары қатерлі ісікті ерте анықтайтын жаңа әдіс ойлап тапты Фото: pexels.com

Қытай ғалымдары жасанды интеллект көмегімен жоғары дәлдіктегі рентгендік суреттер арқылы ұйқы безінің қатерлі ісігін ерте кезеңде диагностикалауға көмектесетін модель жасап шықты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Зерттеу нәтижелері туралы мақала осы аптада Nature Medicine ғылыми журналында жарияланды.

PANDA атауын аталған бұл модельді Alibaba интернет-алпауыты жанындағы Damo Academy ғылыми-зерттеу институты жасап шыққан. Ол жай көзбен анықтауда қиын патологиялық белгілерді кәдімгі компьютерлік кескіндермен үлкейтуге және анықтауға мүмкіндік береді.

Ұйқы безінің қатерлі ісігі – ерте сатысында анықталса емдеуге болады екен.

Зерттеуге сәйкес, Шанхай ұйқы безі ауруларының ғылыми-зерттеу институтының 291 пациентінің тестілерінің когортында AI негізіндегі құрал 94,9 пайыз сезімталдыққа қол жеткізген.

Кейін PANDA моделі Қытай мен Чехияда 5337 пациентте сыналған. Оның сезімталдығы мен ерекшелігі 93,3 пайызды құраған, оған қоса орташа рентгенологқа қарағанда 98,8 пайыз дәлірек болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу