Қытай ғалымдары ыстықта салқындататын мата жасап шығарды

796

Салқындату әсері тек тікелей күн сәулесінде жүрген кезде емес, көлеңкеде де байқалады. 

 Қытай ғалымдары ыстықта салқындататын мата жасап шығарды

Қытайдағы Хуачжун ғылым және технология университетінің мамандары денені салқындатын матаны ойлап тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz NewScientist сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдардың айтуынша,ерекше матаның құрамында титан оксиді, тефлон және полимол қышқылының микроскопиялық талшықтары бар. Мата ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерді өткізбейді. 

Алғашқы сынақтардың қорытындысына сүйенсек, ол дене температурасын бірнеше градусқа төмендете алады. Ғалымдар сынақты адамдармен қатар көліктерге де жүргізген. Матамен қапталған автокөліктің интерьері әдеттегіге қарағанда қатты қызбайды.

Салқындату әсері тек тікелей күн сәулесінде жүрген кезде емес, көлеңкеде де байқалады. Зерттеушілердің бірі Тао Гуанминнің айтуынша, алдағы уақытта оның жаппай өндірісі  басталады. Мұндай матадан жасалған өнімдер бір жылдан кейін қол жетімді болмақ.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу