Қытай бортында екі экипаж мүшесі бар "Шэньчжоу-11" ("Қасиетті кеме-11") ғарыш кемесін ұшырды. Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлады.
Аппарат "Чанчжэн-2F" ("Ұлы сапар-2F") зымыран-тасығышының көмегімен Ганьсу провинциясындағы "Цзюцюань" ғарыш айлағынан жергілікті сағат 7.30-да ұшырылып отыр.
"Шэньчжоу-11" бортында командир Цзин Хайпэн мен оның серіктесі Чэнь Дун бар. Цзин Хайпэн осымен үшінші мәрте, ал Чэнь Дун алғаш рет ғарышқа ұшып отыр.
"Шэньчжоу-11" ғарыш кемесі сәтті ұшырылды", - деді "Цзюцюаньдегі" ұшуларды басқару орталығында ғарышқа ұшуларды басқарудың қытайлық бағдарламаларының басшысы Чжан Юся.
ҚазАқпарат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу