Ғарыш станциясының ішкі бөлігінен жиналған бұл микроб залалсыздандырылған майлықтар арқылы жиналып, мұздатылған күйінде Жерге жеткізілген. Ғалымдардың айтуынша, мұндай зерттеулер ғарышкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ғарыш аппараттарының жүйелерін сақтау үшін аса маңызды.
Bacillus тұқымдасына жататын жаңа штамм Жердегі ұқсас түрлерімен салыстырғанда, радиация әсерінен туындайтын зақымдарды жақсы қалпына келтіре алады. Сондай-ақ ол тотығу стрессімен күресіп, жасуша және тін қызметінің бұзылуына қарсы тұру қабілетіне ие.
Мамандар бұл жаңалықтың тек ғарыш зерттеулері үшін ғана емес, медицина, ауыл шаруашылығы және қалдықтарды өңдеу салаларында да қолдану мүмкіндігі бар екенін айтады. Niallia tiangongensis органикалық қосылыстарды ыдырату қабілеті арқылы микробтық технологияларды дамытудың жаңа жолдарын ұсына алады.