"Шицзян-23", "Шиянь-22А" мен "Шиянь-22Б" спутниктері Чанчжэн-7 зымыран тасығышының өзгертілген нұсқасымен Пекин уақыты бойынша 06:00-де ұшырылып, жоспарланған орбиталарға сәтті шықты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
"Шицзян-23" спутнигі негізінен ғылыми сынақтар мен техникалық тексерулер жүргізу үшін пайдаланылады, ал "Шиянь-22А" мен "Шиянь-22Б" спутниктері орбитада ғарыштық ортаны бақылауды қоса алғанда, жаңа технологияларды тексеру сынақтарын өткізуге қызмет етеді.
Бұл ұшыру Чанчжэн сериясындағы зымыран тасығыштар үшін 459-шы болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу