Қытай Газа аймағына гуманитарлық көмек жөнелтті

157

Азық-түлік Иордания арқылы жіберілген.

Қытай Газа аймағына гуманитарлық көмек жөнелтті Фото: Cиньхуа

Иорданиядағы Қытай елшілігі мен Иорданияның Хашимит қайырымдылық ұйымы (JHCO) Газа секторына гуманитарлық көмек жіберу рәсімін өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Гуманитарлық көмек Иорданиядан Палестина анклавына құрлық шекарасы арқылы келеді деп күтіліп отыр. Барлығы 60 мың азық-түлік жиынтығы алты партиямен жеткізілмек. Газа секторына келгеннен кейін 12 мыңға жуық азықтан тұратын бірінші партия Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына, Палестинаның Қызыл Жарты ай қоғамына және басқа ұйымдарға беріледі.

Бейжің бірнеше рет Газаға гуманитарлық көмек жіберді, ол Палестина халқына одан әрі қолдау көрсетуін жалғастырады. Бұл туралы салтанатты рәсім барысында Қытайдың Иорданиядағы елшісі Чэнь Чуаньдун айтты.

JHCO Бас хатшысы Хусейн Шибли Қытай тарапына Газа секторының тұрғындарын қолдағаны үшін үлкен ризашылығын айтты. Сонымен қатар жуырда бұл мемлекетпен ынтымақтастықтың одан әрі жалғасуына сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу