Қытай Гонконгтегі ереуілді басу үшін Twitter мен Facebook-ті пайдаланған

1203

Twitter және Facebook әлеуметтік желіге тіркелген қытайлық 941 парақшаны жойған.

Қытай Гонконгтегі ереуілді басу үшін Twitter мен Facebook-ті пайдаланған

Twitter және Facebook Қытай билігінің Гонконгтегі ереуілдерді басу мақсатында жалған аккаунтарды қолданғанын мәлімдеді. Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, компаниялар әлеуметтік желіге тіркелген қытайлық  941 парақшаны жойып тастаған. Ресми Бейжің аккаунтарды бас көтеріп жатқандарды шатастыру мақсатында қолданып келген.

"Біз ақпараттық операцияларды әшкереледік, олар Гонконгтегі ахуалды ушықтыруға, адамдарды саяси өзгерістерге шақыруға бағытталған. Бұл операция Қытай Халық Республикасының 936 аккаунты арқылы жүзеге асырылып келді",– делінген Twitter мәлімдемесінде.

Әлеуметтік желі өкілдерінің хабарлауынша, аккаунтар Гонконг халқын екіге бөліп, шерулердің заңдылығы мен бас көтерулердің саяси платформасына орасан нұқсан келтіруде.

Айта кетейік, аталған екі әлеуметтік желі Қытайда тыйым салынған. Сондықтан олардың жұмысы VPN сервистері арқылы жүзеге асырылып келген.

Facebook өкілдері: " Бұл операцияларды іске асырмақ болғандар жасырын қалғысы келгенмен, біз тергеу барысында олардың Қытай үкіметімен байланысы бар адамдар екенін анықтадық",– дейді.

Естеріңізге сала кетейік, Гонконг арнайы әкімшілік ауданындағы ереуілдердің басталғанына шамамен екі айдан асып кетті. Халықтың бұлай бас көтеруіне экстрадиция туралы заңға енгізілмек болған өзгерістер түрткі болды. Үкімет бұл заңды мақұлдамаса да, енді шерушілер биліктен полицейлердің қатыгездігі туралы іс пен демократиялық реформаны қарастырып, Гонконг басшысы Кэрри Ламның отставкаға кетуін талап етуде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу