Қытай халқы 1,38 млрд-қа жетті

1208

Қытай халқы 1,38 млрд-қа жетті

Қытай Халық Республикасындағы халық саны  2016  жылы  1 млрд 382 млн адамға жетті. Бір жыл ішінде Қытай халқы 8,09 млн-ға өсті, деп мәлім етті  жұма күні Қытайдың мемлекеттік статистика басқармасы. Бұл туралы vedomosti.ru жазып отыр.

Бұл сандар Қытайдың Гонконг және Макаро секілді арнайы әкімшілік аудандарын қамтымайды. 2016 жылы елде 17,86 млн бала өмірге келіп, 9,77 млн адам қайтыс болған.

Елдегі еркектердің саны 708,15 млн болса, әйелдер – 674,56 млн, яғни 104,98 еркекке 100 әйелден келеді. Мұны қытай мамандары талайдан бері мәселе етіп көтеріп келеді.  Олардың уәжі бойынша, 2020 жылға қарай 4 млн қытай жігіті жарсыз қалуы мүмкін.

ҚХР-дың 16 мен 59 жастағы еңбекке жарамды адамдарының  саны 907,47 млн, ал зейнетақы жасындағы (60 жастан жоғары) азаматтарының саны  230,96 млн, яғни жалпы халық санының 16,7%-ын құрайды.

Қытайдың қалаларында 792,98 млн, ал ауылдық жерлерінде  589,73 млн адам өмір сүреді. Сонымен қатар қалалықтардың саны былтырғы жылы 21,82 млн өссе, ауыл тұрғындары 13,73 млн адамға кеміген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу