Қытай халқы қартайып қана қоймай, төртінші жыл қатарынан азайып барады

124

 Ресми статистикаға қарағанда, былтыр көрші ел тұрғындары миллиондаған адамға кеміген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қытай халқы қартайып қана қоймай, төртінші жыл қатарынан азайып барады Фото: АР

Қытайдың "бір бала" саясаты, халық санын бақылау жағынан әлемдегі ең қатал шаралардың бірі саналады. Себебі оның салдарынан әйелдер мәжбүрлі түсік жасатып, стерилизация кеңінен қолданылып, ата-аналар жалғыз перзентінің ұл болғанын қалағандықтан, қыздар сатылды немесе кейбір жағдайларда тіпті өлтірілді.

Қазір осының бәрі қажет пе еді деген сұрақ туындап отыр. Коммунистік үкіметтің дүйсенбіде жариялаған статистикасына сүйенсек, Қытай халқы төртінші жыл қатарынан азаюды жалғастырып, 2025 жылы 1,404 миллиард адамды құраған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 3 миллионға тұрғынға аз көрсеткіш.

Айта кетсек, ресми Бейжің жұмыс күшінің азаюы мен халықтың қартаюына алаңдап, 2015 жылы "бір бала" саясатын тоқтатқаны белгілі.

Халық санының өсуі қауіп пе?

Қытай басшылары 1980 жылы халықтың шектеусіз өсуін экономикалық дамуға да, 1 миллиард халқы бар ұлтты асырау мүмкіндігіне де ықтимал қауіп ретінде қарастырды.

Сол кезде кедей мемлекеттер қатарында болған Қытаймен бірге өзге елдер де тұрғындарының тым көбеюіне алаңдады. Халық санын бақылау халықаралық деңгейде өзекті тақырыпқа айналып, сарапшылар Қытайдағы, Үндістандағы және басқа елдердегі жылдам өсім жер ресурстарының сарқылуына әкеп соғады деп қауіптенді.

"Кішкентай императорлар"

Қытайда "бір бала" саясаты тұсында өмірге келген балалар 30 бен 40-тың ішінде. Олар тым мәпеленіп өскендіктен, "кішкентай императорлар" аталып кеткен.

Бірақ бұл толқынға түскен салмақ ауыр. Себебі олар – біреудің жалғызы, сөйте тұра өз әке-шешелерін асырап қана қоймай, кейбір жағдайда екі атасы мен екі әжесіне де қамқоршы болуға міндетті.

Кәрі қоғам

Қытай – қартайып бара жатқан қоғам. Сондықтан бұл ел алдағы онжылдықтарда үлкен тапшылыққа тап болуы мүмкін. Мысалы, қатары көбейіп келе жатқан зейнеткерлерді қамтамасыз етуге еңбекке жарамды жастағы адамдар саны жетпеуі ықтимал. Бұның нәтижесінде мемлекет қаржысы мен зейнетақы жүйелеріне үлкен ауыртпалық түседі деген болжам бар.

Қазір Қытай үкіметі туу деңгейін арттыру үшін бірқатар шараларды қол алып отыр. Солардың ішінде өзге де контрацевтиптерге қатысты салық саясаты өзгеріп, балалы жұптарға ақшалай субсидиялар ұсынылмақ. Бірақ басқа елдердің тәжірибесі көрсетіп бергендей, туу деңгейінің төмендеуін қалпына келтіру – аса қиын шаруа.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу