Қытай елі Жаңа жылды 28-ші қаңтарда қарсы алады. Мерекені отбасымен бірге өткізгісі келген жұрт осы күні үйіне жетуге асығады. Сөйтіп бір жарым миллиардтқа жуық тұрғыны бар елде сеңдей соғылысқан жұрттан теміржол мен әуежайларда ине шаншар жер қалмайды, деп жазады "Хабар" арнасы.
Биыл мұнда 3 миллиардқа жуық адам ел ішінде әрі-бері ағылады деп күтіліп отыр. Осындай жағдай бұған дейінгі жылдарда да тіркелген. Дегенмен жергілікті жұрт кептеліске қарамай туған туыстарына жетуге асығады. Өйткені жұмыс бабымен жырақта жүргендер үшін жылына бір келетін Жаңа жыл мерекесі отбасын көретін жалғыз мүмкіндік.
"Үйге жету үшін шамамен 26-27 сағат жол жүру керек. Билет жоқтың қасы. Әзер дегенде бір билетке қол жеткіздім. Оның өзі пойызда түрегеп түрып баратын билет. Амал қанша? Отбасыммен жүздесу үшін бір тәулік бойы аяғымнан тік тұруға тура келеді. Жаңа жылға санаулы күн қалды. Көңіл күйді түсіргім келмейді", – дейді Қытай тұрғыны Джанг Ксин.