Қытай халқының саны артты

1489

Жетінші халық санағынан кейін осындай мәлімет жарияланды.

Қытай халқының саны артты

2020 жылы пандемия кезінде Қытайдағы халық саны 0,83 пайызға артып, 1,41178 миллиардқа жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚХР-дың мемлекеттік статистика басқармасына сілтеме жасап. 

Бұл 2010 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 72,06 миллионға (5,38 пайыз) көп. Жетінші халық санағынан кейін осындай мәлімет жарияланды.

Алғаш рет Қытайда халық санағы 1953 жылы жүргізілген еді. Ол уақытта 600 миллион тұрғын тіркелген болатын.

Бұған дейін бірқатар халықаралық ғалым алдағы жылдары әлем халқының саны өседі деген болжамын Lancet басылымында жариялады. Олардың есебіне сүйенсек, 2064 жылға дейін Жер бетіндегі адам саны күрт артып,  2100 жылға қарай 8,8 миллиардқа дейін төмендейді. XXII ғасырдың басына дейін халқы ең көп елдер қатарында Үндістан, Нигерия, Қытай, АҚШ және Пәкістан болады. Дегенмен келесі ғасырға дейін Қытай халқының саны 48 пайызға қысқарады.

Табиғат Нұрболат

Фото: Globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу