Қытай халқының саны азайып жатыр

922

Қытайлықтардың басым бөлігі қалада тұрады. 

Қытай халқының саны азайып жатыр Фото: Геологический клуб

2024 жылы Қытай халқының саны 1,39 миллионға азайған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Анадолы агенттігінің жазуынша, 2023 жылы Аспан асты елінің халқының саны 1 млрд 409 млн 670 мың болған. Былтыр бұл көрсеткіш 1 млрд 408 млн 280 мыңды құрады.

Былтыр елде 9,54 миллион бала дүниеге келді. Бұл 2023 жылға қарағанда 5,7%-ға артық. 10,93 миллион адам қайтыс болды. 

Еңбек жасындағы адамдардың саны – 857,98 миллион. 65 жастан асқан халықтың саны 310,31 миллион адамды құрайды.

Қалада тұратындардың саны 10,83 миллионға өсіп, 943,50 миллионға жетті. Ауыл халқының үлесі –  464,78 миллион.

Сарапшылардың айтуынша, ұзақ мерзімді демографиялық болжам бойынша Қытай халқы қартайып, жұмыс күшінің үлесі біртіндеп азаймақ. Бұл елдің еңбек әлеуетінің төмендеуіне әкеліп, экономикаға әсер етуі мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу